«Мадина Шегербаеваға шұғыл түрде қан қажет» деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жас әйел кішкентай қызымен жантүршігерлік жол апатына түскен. Бала оқиға орнында көз жұмды, әйел Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Әсия Болатова облыстық ҚАЖД-де инспектор-полиграфолог болып жұмыс істейді. Алғаш рет донор болды. Онымен бірге қан тапсыруға 20 әріптесі мен облыстық прокуратурадан 10 маман барды. Барлығы 15 литрден астам қан тапсырылды.