Рамиль Камалов 1976 жылы дүниеге келген, Торғай облысы Есіл ауданы Красногорский кентінің тумасы. 1996 жылы ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін «өртке қарсы қорғаныс техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Қызметін Ақмола облыстық ІІБ мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы №84 дербес әскерилендірілген өрт бөлімінің мемлекеттік өртті қадағалау инспекторы лауазымынан бастады. ҚР ІІМ ТЖК орталық аппаратында басқарма бастығы болған.
Мемлекеттік өртті бақылау, өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын басқару саласында тәжірибесі мол.
Қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары болған.