Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, «Жыл таланты», «Үздік волонтер», «Үздік спортшы» сынды 10 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Барлық аудан және Петропавл қаласының жастары қатысты, Ресейден қонақтар келді. Солтүстік Қазақстан облысындағы алғашқы жастар журналын таныстырдық. Оны биылғы ең үлкен жастар жобасына арнап шығардық. Жастар ұйымдары туралы жеке бөлімі бар. Журнал қызықты болуы үшін барынша альбом форматына ұқсаттық», - дейді Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ирина Тухватулина.
«Ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Бұл жаңа белестерге ынталандырады», - дейді С. Сәбитов.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет келер жылдың Жастар жылы деп жариялануы жас ұрпаққа кең мүмкіндіктер есігін ашатынын тілге тиек етті.
Шарада қаланың шығармашылық ұжымдары форум қатысушыларын өнерімен тәнті етті.