СҚО-ның жас өрт сөндірушілері халықаралық жарыстан жеңіспен оралды

Фото: None
ТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының жас өрт сөндірушілері І Халықаралық жас құтқарушылар слетінен алтын жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөзқызметінің хабарлауынша, І Халықаралықжас құтқарушылар слеті Көкшетау қаласында өтті. Чемпионат кубогы үшін Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және республиканың 14 облысыныңкомандалары жарысты.

Жарысқақатысушылар 7 кезеңнен сүрінбей өтулері керек болды. Олардың ішінде «Визит карточкасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Өрт эстафетасы»,«Акваториядағы құтқару жұмысы» секілді жарыстар болды. Ыстық ауа райы да жас құтқарушыларға жақсынәтиже көрсетуге кедергі келтірмеді.

Қатысушыларсондай-ақ, өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарға жауап берді, жергілікті жердібағдарлап, картография және халықаралық қауіпсіздік белгілері бойыншасұрақтарға жауап берді. Балалар өздерінің жалпы физикалық дайындығын көрсетіп,қолда бар заттардан зембіл жасады. Алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жарысқорытындысы бойынша чемпионаттың алтынын Қазақстан құрамасы жеңіп алса, күмісРесей Федерациясы командасына, ал қола Өзбекстанның жас құтқарушыларынабұйырды.

Ал,облыстың командалық есебінде 14 облыстан бірінші орынды Солтүстік Қазақстаноблысының құрама командасы, екінші орынды Ақмола облысының спортшылары, үшіншіорынды еліміздің елордасының командасы иеленді. Жүлделі орындарға ие болғанкомандалар кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар