СҚО-ның жол полицейлері рейдтер барысында бұзушылық жасаған жаяу жүргіншілер мен лас көліктердің жүргізушілерін жазаға тартуда

None
ПЕТРОПАВЛ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық жол полицейлері Петропавл көшелерінде Жолда жүру ережелерінің бұзушылықтарын анықтау бойынша апта сайынғы рейдтерін жалғастыруда.

Назарда - бұзушылық жасаған жаяу жүргіншілер мен лас көліктердің жүргізушілері, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Өткен демалыс күндері ерекше назар жаяу жүргіншілер мен ластанудан мемлекеттік нөмірлері көрінбейтін көліктердің жүргізушілеріне аударылды.

Жол полицейлері Петропавлдың адамдар көп жүретін көшелерінде жолды белгіленбеген жерде өтпек болған жаяу жүргіншілерді анықтап отырды. Соның нәтижесінде рейдтің тек бір күнінің ішінде бұзушылық жасаған 60 жаяу жүргінші ұсталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың мұндай түрі үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сонымен бірге, жол сақшылары көліктерінің мемлекеттік нөмірлерін батпақ басқан көлік жүргізушілерін тоқтатты. Мұндай жүргізушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес 5 АЕК түрінде айыппұл салынады.

Демалыс күндері бұзушылықтың мұндай түрін 100-ден астам жүргізуші жасады.