Бескөл ауылында өңiр басшысы «Радуга» ЖШС-нiң өндiрiс орнымен танысты. Серiктестiктiң iрi филиал желiсi, өзiндiк инфрақұрылымы бар, онда металдан, пластиктен 200-дей халық тұтынатын тауарлар, сол сияқты азық-түлiк тағамдары шығарылады.
Құмар Ақсақаловқа кәсiпорынның өндiрiстiк ғимараттары көрсетiлдi. ЖШС-нiң бас директоры Дмитрий Шарапаевтың айтуынша, компания өз өнiмдерiн Қазақстанға ғана емес, Ресейдiң Омбы, Челябi және Қорған облыстарына экспорттайды. Бескөл ауылындағы өндiрiс алаңдарында пакеттер, пластикалық бұйымдар, қалдықтардан пластика түйiршiктерiн, металдан бұйымдар шығаруға арналған цехтар орналасқан.
«Құбыр өндiрiсiн бастағымыз келедi. Қазiр оны Ресейден сатып алып жатырмыз, бiр айдан кейiн өзiмiзде шығаратын боламыз. Сонда бiз өнiмдерiмiздiң 90 пайызы қазақстандық болды деп айта аламыз»,- дедi Дмитрий Анатольевич.
Кәсiпорын басшысы мемлекеттiң қолдауы арқасында өндiрiстi кеңейтiп жатқанын да алға тартты. Өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда компанияның өнiмдiлiгi 100 пайызға артқан. Қазiр мұнда пластик пен металдан 200-дей өнiм түрі шығарылады.
«Кәсiпорын бизнеске қолдау ретiнде мемлекеттен көмек алып, оны мемлекетке салық түрiнде бiрнеше еселеп қайтарды. Бұл өте жақсы әдiс. Президенттiң тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнестi дамытуды 50 пайызға жеткiзуiмiз керек. Қазiр облыс бойынша 23 пайыз - бұл өте аз. Бiз ұқсатумен айналысатындарға шағын және орта бизнестiң үлесi көп болуы үшiн барынша көмектесемiз. Ол - бiздiң мiндетiмiз»,- дедi өңiр басшысы.
Бұдан соң Құмар Ақсақалов жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiмен танысты. «Dostare New» ЖШС облыс әкiмiне қазақстандық бетонараластырғыш, әрлеу станциясы, жылу желдеткiш, жүк көтеру құрал-жабдықтары сияқты өнiмдерiн көрсеттi.
«Бiзде жақсы дизайнерлерiмiз және бiрнеше пешiмiз бар. Көбiне Астанаға жұмыс iстеймiз, сол сияқты Петропавлдың iрi кәсiпорындары тапсырыс бередi. Ресеймен де ынтымақтастық орнатамыз», - дедi компания директоры Оразбек Ақтаев.
«Ахмутдинов» ЖК өкiлдерi өңiр басшысына ағаш жаңқаларынан әзiрленген биоотындарды көрсеттi. «Бескөл құс фабрикасы» «Алекри» және «Алтай - СК» құс фабрикалары өнiмдерiнiң көрмесi де ұсынылды. Қызылжар ауданында консервiлер де, жартылай фабрикаттар мен жануарларға арналған жемазық та, сүт өнiмдерi де шығарылады. Мысалы, «Молсервис» ЖШС күнiне 17 тонна сүт өңдейдi. Оның өндiрiс үрдiсiмен облыс әкiмi жеке танысты.
«Кәсiпорын өңiрiмiздiң 4 ауданынан және Ақмола облысынан әкелiнетiн шикiзатпен жұмыс iстейдi. Ешқандай май пайдаланбаймыз, пальма майын мүлдем көрген емеспiз. Биыл бiрiншi тоқсанда жақсы жұмыс iстедiк. Шикiзатты 50 пайызға көбейтiп, соған орай өндiрiс көлемiн де арттырдық. Шикiзат жеткiлiктi, жаз айларында артылып та қалады. Өткiзуден қиындық жоқ», - дедi ЖШС директоры Сергей Чепурко.
«Осындай цехтар көп болуға тиiстi, өнделуi де көп. Бiз мал шаруашылығымен айналысып, оған қолдау көрсетемiз. Солтүстiк Қазақстан облысының осындай жерлерiнде дәстүрлi кәсiптi дамыту керек. Астық, нан, ет, сүт - барынша дамытатын бiздiң басты құндылықтарымыз»,- деп атап айтты Құмар Ақсақалов.
Өңір басшысының жұмыс сапары аграршылармен кездесу арқылы жалғасты. Бүгiнгi күнi ауданда 1 КС, 60 ЖШС, 247 ШҚ мен ФШ жұмыс iстейдi. Қазiр көктемгi-дала жұмыстарына қызу әзiрлiк жүргiзiлiп жатыр. Облыс әкімі астықтың сапасы жердi дұрыс өңдеуге байланысты екендiгiн тағы да еске салды. Құмар Ақсақалов шаруашылық қызметкерлерiнiң еңбекақысын көбейту мiндетiн қойды.
Сапар соңында өңiр басшысы ауданның ардагерлерiмен кездестi.