СҚО полицейлері 50-ден астам заңсыз сақталған қару тәркіледі
Аймақтағы полиция департаменті өкілдері жыл басынан бері азаматтық қару сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзудың 562 дерегі анықталғанын да атап өтті.
Полицияға қаруды өз еркімен тапсыру науқаны барысында 23 қару рәсімделген. ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша айналымнан – заңсыз сақталған 56 қару тәркіленді. Ал ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша 403 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«13 маусым күні «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатамыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 1.00 шамасында Черуновка ауылында GREAT WALL көлігін тоқтатты. Көліктің салонында екі дана аңшылық қару болған. Оның бірі тіркелмеген», – деп атап өтті СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Петропавл қаласының 44 жастағы азаматына тіркелмеген ТОЗ-63, 16 калибрлі аңшы мылтығын сақтағаны үшін хаттама толтырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 484-бабының 1-бөлігімен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан аумағына әкелу, Қазақстан аумағынан әкету және Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жаза арқалады. Қару сараптамаға жіберілді.