СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, СҚО қылмыстық полиция қызметкерлері қашып жүрген Ақтау қаласының тұрғынын жақында ғана қолға түсірген. 38 жастағы ұрыны Маңғыстау облысының құқық қорғаушылары өткен жылдың наурыз айынан бері іздестіріп жүрген. Ұсталған адам құзырлы органның мәліметіне сәйкес, пәтерді тонап, 1 миллион теңгеге жуық қаражатты қолды қылған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
СҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың айтуынша, Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 53 адамға іздеу жарияланған. Олардың 41-і қазіргі уақытта ұсталған.
Тергеу болжамына сәйкес, Ресей мен Өзбекстанда 7 солтүстікқазақстандық қашып жүрген көрінеді.