Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Шілде айында зейнеткерлердің сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп кетіп жүрген бір әйел туралы арыздар келіп түсе бастады. Алаяқ әйел жасы егде адамдардың көршісі болып танысып, «саңырауқұлақ сатып алуға» немесе «құбыр жөндеуге» қарызға ақша сұрап алып жүрген. Алаяқтың соңғы құрбаны 80 жастағы зейнеткер әже болды. Тергеушілерге алаяқтықтың бұл әдісі таныс еді. Жедел іздестіру шаралары барысында күдік расталып, 35 жастағы бұрын да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар әйел ұсталды», - деп хабарлайды СҚО баспасөз қызметінен.
Петропавл қаласы ІІБ бастығының бірінші орынбасары Асан Мейрамовтың айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған әйелдің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
СҚО ІІД баспасөз қызметінен қосып өткендей, алаяқтық жағдайы СҚО-да азайғанымен, ең көп кездесетін қылмыстардың алдында тұр. Алғашқы жартыжылдықта аталған өңірде алаяқтыққа қатысты 112 жағдай тіркелген.
10:31, 25 Шілде 2017
СҚО полицейлері қарттарды алдаған алаяқты құрықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының полиция қызметкерлері бір ай бұрын ғана түрмеден босап шығып, «ескі әніне» қайта басқан алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.