СҚО полицейлері «Жасөспірім» республикалық акциясының нәтижелерін шығарды

None
ПЕТРОПАВЛ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - 12-16 қаңтар аралығында солтүстікқазақстандық полицейлер «Жасөспірім» республикалық жедел-алдын алу шарасының аясында жұмыс жасады.

Акцияның негізгі мақсаты - жасөспірімдер қылмысының алдын алу және тосқауыл қою, есірткі мен алкогольді ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау.

Полицейлер мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен бірлесе отыра мектептерде белсенді алдын алу шаралары жүргізілді. Мектептен жалтарып жүрген жеткіншектердің проблемалары талқыланған әңгімелер өткізіліп, жеткіншектерге алкогольді ішімдіктер мен есірткі заттарын сату фактілерінің жолы кесілді. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың айтуынша, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы үзбей ескерту жасап отыру, өз жемісін беруде.

СҚО Ішкі істер департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының хабарлауынша, «Жасөспірім» акциясын өткізу кезінде облыс бойынша әкімшілік жауапкершілікке 334 кәмелетке толмаған тартылды, оның ішінде спирттік ішімдіктер ішкені үшін - 165, ішкі істер органдарына 12 тәрбиесі қиын жеткіншек есепке қойылды. Кәмелетке толмаған және жағдайы нашар 306 отбасы алдын алу есебіне қойылды, олардың ішінде 148 жеткіншек, оқудан жалтарып жүрген 105 оқушы, алкогольді ішімдіктер ішетін 19 жеткіншек пен 158 жағдайы нашар отбасы қойылды.