ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірдегі жалпы қылмыстың 60 пайызы осы ұрлықтың еншісінде. Облыста тіпті «2018-2020 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасы» құрылған.
«Пәтер тонау, ұялы телефон және мал ұрлығы көп кездеседі. Қараусыз малдың жиі жоғалуы алаңдатып отыр»,-дейді баспасөз қызметі.
Қазір жергілікті полицейлер жоғалған малды квадрокоптерлердің көмегімен іздеуде. Уәлиханов ауданында жоғалған жылқы үш тәуліктен кейін табылды.