Бұл туралы ҚазАқпарат СҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тексеру барысында ветеринариялық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталды (ет өнімдеріне ветеринарлық анықтамалар және вакцинация актілері), олар бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеру басталды.
Сондай-ақ аудан әкімдіктері ветеринария ережелерінің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етпегені белгілі болды. Малды арнайы пункттерде емес, жеке аулада сою жағдайлары да кездеседі.
Қадағалау органының актісі бойынша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде Ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, жол берілген бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді.
«Уәкілетті органдар малды белгіленбеген жерлерде сойғандықтары үшін адамдарды әкімшілік жауапқа тартуға бағдарланған»,-делінген хабарламада.