СҚО шаруа қожалығында жұмысшы қаза болды

None
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының «Барс-Агро» шаруа қожалығының егіс даласында бидай толтырылған бункерді босату кезінде, айналып тұрған шынжырға абайсызда ілініп қалған «Лұқбанов» ЖШС 43 жастағы механизаторы мерт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.