«Петропавлда «Қызылжар авто» өткізу пункті нарядының шекара жасағында Ресей Федерациясының 36 жастағы азаматы ұсталды, ол 2,7 тонна дизель отынын, 130 литрден астам АИ-80 маркалы бензинді «Газель» көлігімен Қазақстан Республикасынан алып өтпекші болған», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ақтөбе шекара жасағының «Жайсан» өткізу пунктінің наряды құны 1 млн. 500 мың теңге болатын халық тұтынатын тауарды (1 тонна) контрабандалық жолмен тасымалдаған 26 жастағы Қырғызстан азаматын қолға түсірді.
Ол «Бішкек-Мәскеу» бағытында қатынайтын пойыздан ұсталды.
Шекарашылар осыған ұқсас тағы бір қылмыс - «Береговая охрана» өңірлік басқармасының «Еуразия» сақшы бекетінің қазақстандық шекарашылары 10 келі бекіре тұқымдас және 40 келіге жуық ақтабан тұқымдас балықтың заңсыз тасымалының жолын кесті.
Барлық факті бойынша құқық қорғау органдары хабардар етілді, тергеу амалдары жүргізілуде.