Асхат Саттарханұлы Джакипбеков 1978 жылы туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын тәмамдаған, юриспруденция магистрі.
Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған.
2001-2021 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық қызметтерде болды.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Ал бұған дейін осы лауазымда болған Сергей Перов Қарағанды облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін басқарады.