СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып өңір басшысының өкімімен Ерболат Бекшенов тағайындалды.
Бұл туралы СҚО әкімдігі мәлім етті.
Ерболат Бекшенов осы тағайындауға дейін Қызылжар су қоймаларында директор болып қызмет етті.
Ерболат Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын «Бекшенов» шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады.
«Ет» ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды.
Сондай-ақ СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы, Айыртау ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.
Ал бұған дейін осы басқарманы басқарған Бейбіт Исманов СҚО Қызылжар ауданының әкімі болоыа тағайындалды.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.