Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауылдық округ әкімінің пара алғанын анықтады.
Ол Тимирязев ауданының Орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің әкімшілік ғимаратын бұзуға тосқауыл болмауы үшін К. есімді азаматтан 100 мың теңге пара алды деген күдікке іліккен. Олар о баста 200 мың теңгеге келіскен.
Қазір тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Күдіктінің қаншалықты айыпты екені туралы соңғы шешімді сот шығарады.