«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, жалпы наурызда ауа температурасы жылдағы көрсеткіш деңгейінде, орта есеппен -6-8 градусты көрсетпек. Ал өңір тұрғындары асыға күткен көктемнің жылуын тек айдың соңында ғана сезіне алады.
«Наурыз айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде -10-15°С пен -3-8°С, күндіз -2-7°С пен -2 3°С аралығында болады.
Екінші онкүндікте түнде -7-12°С, күндіз -2-7°С, кейін күн суытып, түнде ауа температурасы -20, кей жерлерде -25°С дейін, күндіз -9-14°С болады.
Ал үшінші онкүндікте -5-10°С, күндіз 0, 5°С күтілуде. Жалпы айдың соңында күн жылына бастайды, түнде 0,-5°С, кей жерлерде 3°С, күндіз сынап бағанасы 2 7°С дейін көтеріледі», - дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.
Маманның айтуынша, айдың басы мен ортасы қарлы-боранды болса, соңы жаңбырлы болмақ.