СҚО тұрғындарына мұз сүңгісі мен көшеге тасталған қоқыс үшін айыппұл салынуда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл полицейлері айналаны абаттандыру талаптарын сақтау бойынша рейдтерді күшейтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тәртіп бұзушылар туралы қала тұрғындарының өздері де хабар беруде. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері бірнеше минут бұрын ғана сенім телефонына қаладағы мекемелердің бірінің шатырында қауіпті мұз сүңгілерінің жиналып тұрғаны жайлы ақапарт келіп түскенін айтты.

«Былтыр осы ғимараттың шатырынан қар кесектері құлап, жердегі көлікті бүлдірген болатын. Оларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған»,-дейді баспасөз қызметі.

Тұрғын үйдің подъезіне бірнеше рет қоқыс тастаған адамға 72 мың теңге айыппұл салынды.

Белгіленбеген жерге кәріз суын төккен үш автоцистерна жүргізушісіне 30 АЕК айыппұл салынған.

Жыл басынан бері Петропавл қаласында көшелерді абаттандыру және тазалық тәртібін бұзу фактілері бойынша 1 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған.