Өткен демалыс күндері Қызылжар ауданының тәртіп сақшлары 43 жастағы әйел адамның пышақталу фактісі бойынша оқиға орнына жеткенде, азаматтық некеде тұрып жатқан ерлі-зайыптылардың үйлері өрттеніп жатқан.
«Полицейлер Данияр Әубәкіровпен Сырымбет Жанпейісов үйге кірмекші болған кезде есіктің іштен ілінгенін байқайды. Олар аузы-мұрындарын мойын орағыштарымен тұмшалап, үйге терезені бұзып кіреді. Қою түтінге қарамастан, тәртіп сақшылары жерде ес-түссіз жатқан азаматты далаға алып шықты», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Азаматтық некедегі әйелін ауыр жаралаған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Қыс ортасында баспанасыз қалған әйел мен оның балаларына қазір жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр екен. Әлеуметтік желі қолданушылары жерлестеріне көмек қолын созуда.