СҚО тұрғыны көне жануардың сүйегін тауып алды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл тұрғыны Александр Ремшов Ертіс өзенінің жағасынан мұз дәуірінде өмір сүрген жануардың сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қала тұрғыны Александр Ремшов балық аулауға барғанда Қызылжар ауданы Долматов ауылының төңірегіндегі өзен жағасынан үлкен сүйектер тауып алған.

Тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков табылған заттарды мамонт фаунасы жануарының сүйегі деп болжап отыр.

«Бұл мамонттың немесе жүнді мүйізтұмсықтың мойын омыртқасы. Не болса да, мамонт фаунасына жататын жануардікі. Олар біздің аумақта 40 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Бұл сүйектер палеонтологтарды қызықтыратын шығар. Біз Долматовта қазба жұмыстарын жүргізгенбіз. Бұл сол жерден табылған мамонттың бірінші сүйегі емес. Ясновкадан да табылған (Есіл ауданындағы елді мекен)», - деді ғалым.

Археологтардың айтуынша, мұз дәуірінің алдында Солтүстік Қазақстан облысының климаты өте суық әрі ылғалды болған.

Қала тұрғыны табылған сүйектердің суреттерін әлеуметтік желіге жариялаған. Ол бұл заттарды тарихи-өлкетану музейіне бермекші.

 

 

Соңғы жаңалықтар