Өңір тұрғыны Зәуреш Қошанова былтыр өмірін күрт өзгертуге бел буады. Осылайша көптеген армандаған өз ісін ашу үшін мемлекеттің қолдауына жүгінбек болады.
«25 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Бұл аз емес, әдетте осынша уақыттан кейін басқа салаға ауысу оңай емес. Десек те, сол кезде қабылдаған шешіміме өкінбеймін. Адам өзгерістен қорықпауы керек. Әрі ойлағанды жүзеге асыруға «Бастау Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы көмектеседі. Мен оқуға өтініш бердім, курсты және қорытынды тестілеуді оңай тапсырдым. Сұраныс пен өткізу нарығын талдағаннан кейін құс шаруашылығы бағытын таңдадым. Бизнес-жоспар әзірлеп, оны сәтті қорғап, 584 мың теңге көлемінде грант алдым», - дейді кәсіпкер.
Бұл қаражатқа Зәуреш Қошанова құс қора салып, 250 мекиен және 220 бройлер тауығын сатып алады.
«Әрине, құс өсіру - бұл өте тиімді бизнес, оның бірқатар артықшылықтары бар. Ия, бастапқыда нәтижесі қалай болар екен деп қорықтым. Қиындықты жеңуге отбасым көмектесті. Жұмыртқа мен құс етіне қаша да сұраныс жоғары. Сондықтан өнім еш қиындықсыз сатылып жатыр. Негізгі бөлігін халық тікелей үйден сатып әкетеді. Артылғанын жергілікті дүкенге өткіземін», - дейді Зәуреш Қошанова.
Бройлерлердің бірінші партиясын бордақылап, сатқаннан кейін, кәсіпкер түскен қаражатқа 120 қаз сатып алған. Болашақта Зауреш тек қаз өсірумен айналысуды жоспарлап отыр. Ісін жаңа бастаған әйел құс фермасын ашып, ісін кеңейтпек, қосымша жұмысшылар алмақ.
СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметовтың айтуынша, биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 922 солтүстікқазақстандық оқудан өткен.
«Биыл түлектердің 613-і грант алды, ал өз ісін ашуға 170 адам жеңілдетілген несие алды, оның ішінде бір несие өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Атамекен-Қызылжар» микроқаржы ұйымы арқылы берілді», – дейді Әлібек Әшметов.