Рейд кезінде полицейлер мен қорықшылар үлкен қабанның ізімен жүріп отырған машинаның ізін байқайды. Орманның ішінен жануардың терісі мен ішкі органдары, 16 калибрлі аң мылтығынан атылған 4 гильза табылады.
Машинаның ізімен келген тәртіп сақшылары «УАЗ» маркалы автокөліктің 47 жастағы ауыл тұрғынына тиісті екенін анықтайды. Оның үйінен қабанның боршаланған еті, ИЖ-58 маркалы мылтық, 20 оқ табылады.
«Ер адам аң аулауға рұқсат беретін құжатын көрсеткен жоқ. Мемлекетке жарты миллион теңгеден астам зиян келтірілген. Осы факті бойынша ҚР ҚК 337-бабының («Заңсыз аңшылық»)» 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Баптың санкциясы 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беруді көздейді», - дейді СҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Ағымдағы жылдың 10 айында СҚО-да 785 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі тіркелген. Экологиялық қылмыстар бойынша 126 қылмыстық іс қозғалған.
13:51, 10 Қараша 2017
СҚО тұрғынына қабан аулағаны үшін 4,5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлері заңсыз қабан аулау фактісін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.