СҚО түрмесінде жазасын өтеп жатқан әйелді туыстары 20 жылдан бері өлдіге санаған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да сотталған азаматшаны туыстары 20 жыл бойы өлдіге санаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекте Петропавл әйелдер колониясында ашық есік күні өткен болатын.

Шарада сотталған Алтынгүл Баязиева өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту орталығында тұратын 8 жасар қызымен кездесті. Бұл жағдай БАҚ-та жарияланды.

Содан кейін көп ұзамай, 8 қазанда беймәлім ер адам әйелдер колониясына хабарласып, сотталған Баязиеваның анасының туған інісі екенін айтқан.

Жиенімен байланыс 20 жыл бұрын, яғни ер адамның әпкесі, Алтынгүлдің анасы қайтыс болғаннан кейін үзілген.

Осы уақыт ішінде сотталғанның туыстары оны қайтыс болды деп санаған.

10 қазанда түзеу мекемесіне жиенімен қысқа мерзімді кездесуге келген.

8 жылдан бері мектеп директоры болып жұмыс атқарып жатыр.

Белгілі болғандай, ер адам сотталған келіншектің туған ағасын да тәрбиелеп өсірген, енді ол А. Баязиеваның қызын балалар үйінен уақытша алып кетуді жоспарлап отыр.

– Жұма күні таныстарым маған ашық есік күнінен жаңалықтар видеосын жіберді. Мен бірден жиенімді таныдым. Сол сәтте қандай эмоцияда болғанымды білмеймін. Ұзақ жылдар іздеп таппадым, енді оның тірі және сау екенін көрдім. Оның қызы да бар. Енді мен оны анасы босатылғанға дейін өз қамқорлығыма алуды жоспарлап отырмын. Бұл мәселені талқыладық, Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің бәріне алғыс айтқым келеді. Кім біледі, егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз кездеспес едік, – дейді ер адам.

– Босап шыққаннан кейін бізбен бірге тұрасың. Бұл жайында алаңдама, ешкім қарсы емес. Енді біз сені ешқашан жоғалтпаймыз.

Осындай әсерлі нотада ағасы мен жиенінің 20 жылдағы алғашқы әңгімесі аяқталды.


Фото: polisia.kz