3 қарашада Қожамжаровтың блогына СҚО тұрғыны Татьяна Власова Сапаровтың дөрекілік танытқанын айтып, шағым түсірген.
«2017 жылдың 3 қарашада 12 сағат 30 минутта Петропавлдағы «Булка» дәмханасында СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы Сапаровты кездестіріп, Шал ақын аудандық қадағалаушы прокурордың 2017 жылдың 30 қазанындағы заттай дәлелді иесіне қайтару туралы нұсқауды орындамай жүрген қоластындағы тергеуші Амантайдың әрекетсіздік мәселесі бойынша шағымдандым. Сапаров маған дөрекі жауап қайтарды: «Сен менің үйіме келіп, сұрақ қойсаңшы», - деді. Мен оның қабылдауына кірудің қиын екенін айтып, осы кездейсоқ кездесуді пайдаланып қалғанымды хабарладым. Сапаров тағы да дөрекі жауап берді: «Қалай болса солай кел қабылдауыма», - деп жазды ол.
Әйел қысқа уақыттың ішінде шенеунік тарапынан этиканың бұзылғандығына жауап қайтаруын сұраған. Шағым фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілген. Қожамжаров оның нәтижесі туралы өзінің блогында жазды. «Құрметті Татьяна Георгиевна! Сіздің шағымыңыз бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы Н.М.Сапаровқа ескерту берілді. Тергеуші Т.Амантайдың Шал ақын аудандық прокурорының қаулысын орындамау фактісі жоғарыда аталған прокурор шешімінің өзгертілуіне байланысты расталмады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, заңды түрде шағым түсіруге құқылысыз», - деп хабарлады Қожамжаров.