СҚО және Ақмола облысы аумағында Есіл өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

«27-28 сәуір аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, су тасу және елді мекендерді су басу  қаупі бар», - деп жазылған хабарламада.