Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы былтырғы қызметін қорытындылады. Басты мәселелердің бірі жолдардың жағасындағы сервисті дамыту болды.
Б. Айтбаевтың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы 115 нысанның тек 36-сы ғана ұлттық стандартқа сай келеді. Бір жылда тек үш нысанның ғана жағдайы жақсартылған.
«Аудандар мен Павлодар қаласының әкімдіктеріне ұлттық стандартқа сәйкестендіру қажет нысандардың тізімін бердік. Олардың саны - 53. Нысандарды талапқа сай ету үшін модульді дәретханаларды орнатып, жанармай бекеттерінде бөлшек сауда орындарын ашудың өзі жетіп жатыр. Бұл жалпы нысандардың 77%-ын «C» және «D» санаттарының деңгейіне көтереді», - дейді Б. Айтбаев.
Оның айтуынша, филиал биыл «Көкшетау - Омбы» автожолының бойында орналасқан Чкалово ауылында «Kaz Way» жол павильонын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
«Күрделі жөндеу аясында филиал М-51 «Челябі - Новосібір» автожолында, Булаево қаласының аумағында демалыс орнын салуды жоспарлап отыр. Бұдан тыс, «Астана - Петропавл» автожолындағы «Хуторок» және «Мансұр» дәмханаларына кіретін және шығатын жолдарды жөндеу жоспарда бар», - деді ол.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов та аудан басшыларының осы бағыттағы жұмыстарын қатаң сынға алды.
Авторы: Олеся Жуковень