Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мерт болған балалардың біреуі велосипед, қалған үшеуі мопед тізгіндеген. Осыған байланысты полицейлер жазғы демалыс кезінде балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Тәртіп сақшылары Велоспорттан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп Петропавлда велошеру ұйымдастырды. Іс-шараға елуге жуық жас спортшы қатысты.
- Жол қозғалысы ережесін сақтаңыздар – ол сіздің өміріңізді сақтайды!» ұранымен өткен велошеру барысында қатысушылар Қазақстан Конституциясы көшесі бойымен жүріп өтті. Шеру кезінде балалар жүргіншілер өткелдерінен велосипедтерінен түсіп, жаяу өтті. Полицейлер мұның себебін түсіндірді: велосипедші жолдың жүру бөлігінде кенеттен пайда болған жағдайда жүргізушілер дер кезінде әрекет ете алмауы мүмкін.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары велосипед, скутер және электрсамокат пайдаланушылар жиі тап болатын қауіптердің бірі - ауыр жүк көліктерінің «көрінбейтін аймақтары» туралы да ескертті. Патрульдік полиция қызметкерлері балаларға «КамАЗ» жүк көлігінің мысалында жүргізушінің қай тұстарда велосипедшіні немесе жаяу жүргіншіні байқамай қалуы мүмкін екенін көрсетті.
Мамандардың айтуынша, егер велосипедші жүргізушіні жүк көлігінің айнасынан көрмесе, онда жүргізуші де оны көрмейді.
Полицейлер бұл велошеруді «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырды.
Бқған дейін Шымкентте бала 12 метрлік құдыққа құлап кеткенін жазған едік.