Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жолды жабуға үскірік аяз себеп болған.
«Ауа температурасының минус 39 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 24 желтоқсан күні 17:00-ден 25 желтоқсан күні 08:00-ге шейін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда дизель отынымен жүретін жолаушылар және жүк тасымалдайтын автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске сала кетейік, 25-26 желтоқсан күндері өңірде ауа температурасы минус 40 градусқа дейін төмендейді.
Олеся Жуковень