Skoda компаниясы Женевада ағымдағы жылдың 4 наурызында басталатын көрмеде 14 жаңа автомобиль түрлерін көрсетпек. Олардың қандай модельдер екені әзірге жарияланбай отыр, бірақ жарнамасынан онда VisionD эскиздерінің болатыны мәлім болған.
Жаңа көліктер тізімінде өткізгіштігі жоғары Skoda Octavia Scout әмбебап көлігі мен VisionC болатыны сөзсіз. Сондай-ақ бейресми ақпарат көздеріне қарағанда, чехтың автомобиль өндірушісі Швейцарияда Fabia концептін ұсынбақ.
Көлік құрастырушылар аталған 14 автомобиль түрінен әзірге тек екеуін ғана атады, сондықтан Skoda тұтынушыларына тосын сый жасауы әбден мүмкін.