Скрипкашы Ақан Мейірбеков Мәскеуде концерт қояды
17:47, 15 Желтоқсан 2011
АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мәскеуде 17 желтоқсан күні қазақстандық әйгілі скрипкашы Ақан Мейірбеков «Шекарасыз музыка» деп аталатын концертін өткізеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны «Қорқыт» қоғамдық қоры, Павел Слободкин орталығы мен Мәскеу камералық оркестрі ұйымдастырып отыр.
1988 жыл Алматы қаласында өмірге келген өнер саңлағы 6 жасынан бастап өнер сахнасына шыға бастаған болатын. Оқушы кезінде-ақ, Ресей, Испания, Италия сияқты елдердің үлкен сахналарында өнер көрсетіп, ондаған халықаралық байқаулардың лауреаты атанған Ақан Мәскеудегі бұл концертінде қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындамақ.