29 жастағы скрипкашы Мадридте, Зальцбургте білім алып, Познани филармониялық оркестрімен бірге концерттерге қатысып, дирижер Валерий Гергиевтің басшылығымен Польша камералық филормониясында, Мариинск театрында, белгілі Карнеги-холлда жеке концерттерін берді. Ол «Хиндемит Павел» халықаралық байқауы және «Генрик Венявский» байқауының (5-орын) лауреаттары атанды.
Скрипкашы Румыниядағы Қазақстан Республикасының елшісі Дәулет Батырашев және Румыниядағы «Джеордже Энеску» халықаралық байқауының негізгі әріптесі болып табылатын «KMG International» компаниясының аға вице-президентінің құттықтауын алды. Фестиваль мен байқау ұйымдастырушыларымен 2010 жылы жасалған Әріптестік әлеуметтік құндылықтардың көзі болып табылады және Қазақстан мен Румынияны ұлттық және халықаралық деңгейде көрсетеді.