Бұл, көрген жанның жүрегіне қорқыныш ұялататын апат Австралиядағы күре жолдардың бірінде орын алды.
Видеода скутерге мінген жас жігіттің жүк көліктерінің арасымен өтпек болған кезі, бірақ оны басқара алмай бір автомобиль доңғалағының тура астына құлағаны көрініп-ақ тұр. Доңғалақ соққысы басындағы шлемге тиген. Ажалы жоқ азамат жеңіл-желпі жарақатпен құтылды.