Google-дің ұшқышсыз басқарылатын аппараттарының көмегімен 5G интернетке сымсыз байланыс орнатуды көздеп отырғаны хабарланды. Аталмыш желінің қосылу жылдамдығы 4G жүйелеріне қарағанда 40 есе жоғары болады. Әзірге жобаның негізгі мәселесі - бұл қамту қашықтығының аз болуы, яғни LTE-терминалдарынан он есе төмен. Мәселені мәліметтерді фокустеліп таратудың көмегімен шешуге болады, алайда әзірге бұл әдіс өте қиын әрі көп қуатты талап етеді.
Google-дің ұшқышсыз басқаралатын аппараттарын Нью-Мексикода сынақтан өткізіп жатқаны хабарланып отыр. Егер ол табысты өтсе, компания жылдамдығы жоғары ғаламторды бүкіл әлемге «таратып жіберетін» мыңдаған дронды жасауды жоспарлап отыр.