«Біз Skype-ты пайдаланудың жаңа тәсілін қосамыз. Енді Skype-ке тек кез келген экран арқылы қосылып қана қоймай, браузер арқылы сөйлесе аласыздар. Біз Skype-тың веб үшін бета-версиясын іске қосқанымызды жариялаймыз», - делінген компанияның хабарламасында.
Қоңырауды бастау немесе Skype чаты арқылы сөйлесуді бастау үшін пайдаланушы сервистің сайтына кіріп, онда өз мәліметтерін тіркей алады. Мәтіндік чатты пайдалану үшін қосымша әрекеттер қажет емес, ал аудио және видеоқоңыраулар үшін, браузер үшін кеңейту орнату керек болады.
Skype-тың веб-нұсқасы саяхаттаушылар үшін, компьютер арқылы интернет-дәмханалар мен қонақүйлерде жұмыс істеуге мәжбүр пайдаланушылар арасында сұранысқа ие болуы мүмкін.
Skype-тың веб-нұсқасын компьютерлер үшін барлық танымал браузерлер Internet Explorer, Chrome, Firefox және Safari пайдалана алады. Бастапқыда веб үшін Skype-тың бета-нұсқасы пайдаланушылардың аз ғана бөлігіне қолжетімді болады, алайда таяу уақытта оны жасаушы оған деген пайдаланушылардың қолжетімділігін бүкіл әлем бойынша ашуға уәде беріп отыр.