Әйелдер арасында каноэден финалда Ұлттық құрама намысын қорғайтын Анастасия Ананьева үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз жинаған 125.85 ұпай оған қола жүлдегер атануға мүмкіндік сыйлады.
Осы сайыста Жуан Хуань (Қытай) чемпион атанды. Күміс таиландтық Атчарапорн Дуанглаваның еншісінде.
Еске сала кетейік, Анастасия Ханчжоудағы Азия ойындарында күміс медаль иеленген.
Айта кетейік, бүгін сондай-ақ слаломда есуден Александр Коробов те ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.