Слаломды есуден Азия чемпионатында Екатерина Таранцева күміс жүлдеге ие болды
13:30, 14 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты басталды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль түсті.
Байдарка жалғыз дисциплинасында ел намысын қорғаған Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен мәреге екенші болып жетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 17 тамызға дейін жалғасады.
Бұған дейін 10 жасар шахматшы Сивананда ең жас халықаралық шебер атанғанын хабарлаған болатынбыз.