АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Сяси қаласында слаломды есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды.
Кезекті жарыс күнінде Анастасия Ананьева және Александр Куликов каное дисциплинасында жекелей сында қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, қазақстандықтардың қоржынында қазір үш жүлде бар. Бұған дейін Екатерина Таранцева (байдарка жалғыз) күміс медаль иеленген еді.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы Жапония, Қытай, Өзбекстан және Иран спортшыларымен жүлделерді сарапқа салады.
Азия чемпионатында Александр Куликов, Қуаныш Еренғайыпов, Иманғали Мәмбет, Әділ Аманбаев сынды спортшылар жүлде үшін күресті. Бұл атлеттер Азия чемпионатында бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінген.
Азия чемпионаты 17 тамызда аяқталады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.