Слаймдар балалардың денсаулығына қауіпті ме

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмсақ әрі жабысқақ сұйықтыққа ұқсас слаймдар (ойыншықтар) балалардың денсаулығына қауіпті ме? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілі Дана Қасқатаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандажүргізілген мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам ойыншық үлгісі тексерілді.Олардың 916-ы талаптарға сай келмейтіні анықталды (60 пайыз). Көбінесеталаптарға сай келмейтін ойыншықтардың 73 пайызы Қытай елінен, 26 пайызыТүркиядан әкелінген. Тексеріс нәтижелері бойынша ойыншықтардың құрамынан уыттыкөрсеткіштер анықталды. Олар: фенол, фармальдегид секілді қауіпті көрсеткіштер.Қалған 96 пайызында таңбалау ережелеріне сай еместігі және жарақат алу қаупібар, жас ерекшеліктеріне сай емес екені туралы қағидалардың бұзылғаныанықталды», - деді Дана Қасқатаева.

Баспасөз мәслихатыбарысында комитет өкілі қазіргі таңда балалар қызығып ойнайтын слаймдарденсаулыққа қауіпті ме деген сұраққа да жауап берді.

«Слаймдарға даталдау жұмыстары жүргізілген болатын. Әртүрлі қоспалары бар, иісі әртүрліслаймдардың талапқа сай емес үлгілері анықталған жоқ», - деді Дана Қасқатаева.

Соңғы жаңалықтар