«Астана» сапында Эрич, Шомко, Логвиненко, Аничич, Бейсебеков, Маевский, Кляйнхайслер, Станоевич, Томасов, Деспотович, Кабананга сияқты басты құрам ойнады.
Ойынның бірінші жартысында тартыс болған жоқ. Қауіпті сәттер сирек ұйымдастырылғандықтан гол соғылған жоқ.
Екінші таймда «Астана» сапында Эрич, Шомко, Постников, Шитов, Аничич, Зайнутдинов, Маевский, Станоевич, Кабананга, Муртазаев, Томасов өнер көрсетті.
Словактар 48 минутта гол соқты. Гол авторы - Лукаш Яношик. «Астана» қанша ұмтылғанымен бұдан кейін есепті теңестіре алмады. Ойын 1:0 есебімен аяқталды.
Айта кетерлігі, бұл «Астананың» оқу-жаттығу жиынындағы үшінші ойыны. Ресейдің «Спартагын» 3:2, «Краснодарын» 3:1 есебімен жеңген Станимир Стойловтың командасы енді қысқа мерзімдік демалыс алады. Алда Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі, португалдық «Спортинг» күтіп тұр.