Словакия Жамбыл аймағына жоғары технологиялар саласында көмек ұсынуы мүмкін - Тараздағы бизнес-форум

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Словакия Жамбыл аймағына жоғары технологиялар саласында көмек ұсынуы мүмкін.

Бұл туралы Тараздағы халықаралық бизнес-форумда Словакия Республикасы Елшілігінің сауда-экономикалық бөлімінің жетекшісі Виктор Борецски мәлім етті.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жамбыл өңірінің бүгінгі таңда электр қуатын жасанды жолмен алатын көздерге тапшы екендігін айтып, словакиялық әріптестерінің жасап отырған ұсынысы өзекті екенін мәлімдеді.

«Біздің елдер арасында екі жаққа да тиімді экономикалық және сауда ынтымақтастығының бірінші кезеңі қалыптасты», - деді Борецски.