Словакия жерасты газ қоры құрылысына қызығушылық танытып отыр - Н. Гашпарович

None
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Президент Иван Гашпарович Словакия нақты ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғанын мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ол Словакия Қазақстан фирмаларымен жаңа технологиялармен алмасу, жерасты газ қоры құрылысында, сондай-ақ бірлескен жобаларды Қазақстанда және Орталық Азияда жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті. Сонымен қатар, Словакия басшысы атом энергетикасында ынтымақтастық өзара тиімді болатынын және осындай қарым-қатынасқа дайын екендіктерін жеткізді. Осы орайда И. Гашпарович Словакия төртінші дәуірдің атом реакторларын даярлауда Қазақстанмен, Жапониямен бірлескен ынтымақтастықты күтіп отырғандықтарын атап өтті.