Келеңсіз жағдай туралы хабарды естіген Республика премьері Петер Пеллегрини Кипрдегі сапарын тоқтатып, оқиға орнына аттанды.
Автобус сабақтан үйлеріне қайтқан оқушыларға толы болған. Ал жүк көлігі тас тиеп келе жатқан. Соқтығысу салдарынан автобус жол шетіне шығып кетіп, аударылған.
Құтқарушылар бұдан бұрын 13 адамның ажал құшқанын, 20-сының ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.
Словакия президенті Президент Словакии Зузана Чапутова бұл жол-көлік апатын аса ауыр қайғы деп мәлімдеді.