Словакияда екі пойыз соқтығысып, 100-ге жуық адам зардап шекті
02:38, 14 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Словакияның Уошицк өлкесінде дүйсенбі күні таң ата екі пойыздың соқтығысуынан 100-ге жуық адам зардып шекті, деп хабарлайды Синьхуа.
Зардап шеккен екі адамның жағдайы күрделі. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Словакияның ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эшток мәлім етті.
Пойыздардың екеуі де көп адам алып келе жатқан, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Үш адам пойыздың қирандыларының астында жатыр. Тергеу жүріп жатыр.
Осыған дейін Мексикада пойыз автобусты қағып, 10 адам қаза болғаны туралы жаздық.