Словакияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Smer-SD социал-демократиялық партия көшбасшысы Роберт Фицо мен филантроп Андрей Киска бас үміткер саналуда, деп хабарлады ВВС.

Сарапшылар олардың дауыс жинау айырмасы онша алшақ болмайтындығын айтуда. Айта кетерлігі, 15 наурыз күні өткен сайлаудың бірінші кезеңінде 14 кандидаттың ешқайсы да қажетті дауыс санын жинай алмаған болатын. Ол кезде Фицо мен Киска арасындағы дауыс айырмасы небәрі шамамен 4 пайызды құраған еді.