AeroMobil Flying Car 3.0 таныстырылымы Монакодағы Top Marques көрмесінде өтті. Сипаттамаға сәйкес, көлік құралы «толықтай интеграцияланған ұшақ, сондай-ақ гибридті қозғалтқышпен жабдықталған толық функционалды, төрт доңғалақты көлік» болып табылады.
Оның ұшуы үшін ұшақтар секілді, ұшып-қону жолағы қажет.
Компания 500 данадан аспайтын ұшатын автомобильді 2020 жылға қарай шығаруды жоспарлауда. Оның құны 1,2-1,5 млн еуроны құрайды.