Словакиялық мото шабандозды «Дакар» раллиі кезінде найзағай соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакиялық мото шабандоз Иван Якешті Аргентинаның Сан-Сальвадор-де-Жужуй қаласында өтіп жатқан «Дакар» ралли-марафонының үшінші кезеңінде найзағай соқты.

 Бұл туралы ТАСС словакиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Электр тоғы спортшы бір аяғын мотоциклден жерге тигізген кезде соққан. Оның жағдай жақсы деп бағалануда. Ол ары қарай сайысқа қатысуын жалғастырмақшы.