БЕЛТА агенттігінің ақпараты бойынша, Словакия президентінің жалақысы айына 6,6 мың еуроны құрайды. Андрей Кисканың инвестициялардан түрлі қорларға аударылатын бір жылғы табысы шамамен 700 мың еуроны құрайды.
Еске сала кетейік, 30 наурызда Андрей Киска сайлаудың екінші кезеңінде 59,04 пайыз дауыс жинап, Словакияның президенті болып сайланды.