«Андрей Киска - бизнесмен, филантроп, «Мейірімді періште» қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету қорының негізін салушы. Сайлаушыларға оның жемқорлық пен бюрократияға қарсы күресудегі нақты жолдарды ұсынғаны ұнады», - деп жазады Интерфакс.
Андрей Киска 29 наурызда республика басшысы атанды. Жаңадан сайланған президент жалақы алудан мүлдем бас тартты. Мемлекет басшысы жылына 600 мың еуро алады, ал Андрей Кисканың жылдық табысы шамамен 700 мың еуроны құрайды. Сайлауалды кампанияға жеке қаражатын салған. Соған кеткен шығын, оның айтуынша, Президенттің 5 жылдық табысынан асып түсті.