Халықаралық турнирдегі екінші ойынында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандықтар сапынан Исмаил Бекболат пен Азамат Туяқбаев көзге түсті. Қарсылас команда сапынан Джошуа Ландерс гол соқты.
Еске сала кетейік, бұған дейін алғашқы ойында Кирилл Кекер жаттықтыратын футболшылар БАӘ құрамасын 5:1 есебімен жеңген болатын.